Атырауда жастар бір-біріне қару кезенген.
Салдарынан 23 жастағы жігіт оққа ұшып, мерт болды. Оқиға кеше түнде қала іргесіндегі «Химиктер» елді мекенінде болған. Көз жұмған Азамат Асылбекұлын «жедел жәрдем» станциясында фельдшер болып жұмыс істеген. Белгілі болғандай, жігіттер арасында кикілжің туындаған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Дина Мақсотова, облыстық ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы:
- Аталған дерек бойынша күдіктілер ұсталып қамауға алынды. Адам өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.