eGov Mobile қосымшасымен жаңа көлікті тіркеуге болады. Осындай бұйрық ашық порталында жарияланды. Жоба қыркүйектің 2-іне дейін халықтың талқылауына ұсынылады . Осы уақыт аралығында кез-келген адам ашық порталына кіріп, пікірін қалдыра алады. Еске салайық, былтыр 5 млн 400 мың көлік тіркелген. Оның 3-миллионы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету арқылы, ал қалғаны екінші деңгейлі банктердің қосымшасымен есепке алынған. Енді, автосалоннан сатып алынған көліктерді egov Mobile қосымшасымен тіркеуге мүмкіндік туады. Мамандар, жобаны қыркүйек айында жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Надир Құрымбаев, ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары:

Автосалоннан осы көлікті алатын болсаңыз, арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келмей, eGov немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы өзіңіздің өтінішіңізді электронды түрде жіберіп, ол өтінішіңіз мемлекеттік органға түседі. Интеграция жүйе бәрін өзі қарап, шешім қабылданады. Сіз тек халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, тек дайын құжаттарыңызды алып кетесіз. Онлайн форматқа 24/7 ала алатын ретінде ауыстырып жатырмыз.

Паспорт пен жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, көлік құралдарын тіркеу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жерге мемлекеттік актілерді беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, техникалық паспорт, еңбекші иммигранттарға рұқсаттама, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға жеке сәйкестендіру номерін беру сынды мемелкеттік қызметтер онлайн жүйеге көшеді. Бұл Президентің тапсырмасы. Мақсат — сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, халыққа сапалы, әрі жылдам қызмет көрсету.

Самал Қабышева