Испанияда алапат орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке сәйкес, 1900-ге жуық әскери қызметкер жіберілді. 4 адам қаза тапты.
Елдің әсіресе солтүстік-батысында жағдай қиын: бірнеше өрт ошағы әлі толық сөндірілген жоқ. 27 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. Жыл басынан бері Испанияда 343 мың гектар орман өртенген.
Көршілес Португалияның орталық және солтүстік өңірлерінде де шілденің соңынан бері 216 мың гектар орман алқабы отқа оранды. Мамандардың айтуынша, Еуропада мұндай апаттардың жиілеуіне климаттың өзгеруі әсер етіп отыр.
Арыстан Рысбек