Израиль Йемен астанасы Сананы әуеден атқылады.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, шаһардағы президент сарайы маңы мен зымыран базалары нысанаға алынған. Соққы хуситтердің шабуылына қарымта жауап ретінде жасалған. Зардап шеккендер жайлы әзірге ақпарат жоқ. Бұған дейін Йемендегі хуситтер еврей елі аумағына қарай зымырандар ұшырған еді. Шабуылдан жарақат алғандар бар. Әскерилер көбін атып түсіргенін мәлімдеді.