Әлеуметтік желіде бірнеше жігіттің бір-бірімен құшақтасып, сүйісуге ұмтылған видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
TikTok-та тараған бұл роликке желі қолданушылары наразы болып, «жастарды бұзатын әрекет» деп айыптады. Инстаграмда танымал блогер Рүстем Баязиев те бейнежазбаны жариялап, «бір жыныстыларды жарнамалап жүр ме, әлде гей ме?» деп ашық сұрақ қойды.
Оның айтуынша, мұндай қылықтар тойға шақырылатын кейбір өнерпаздардың деңгейін айқын көрсетіп отыр. Желі қолданушылары пікірлерінде ашуға булығып, «армияға жіберіп, ел қорғасын», «қылықтары әйелден де өткен» деген секілді сын айтты. Басқалары «жастар бұған еліктеп жүр» деп алаңдаушылық білдірді.
Кейбіреулер мұндай бейнероликтердің қоғамда ашық жариялануы ұлттық құндылықтарға қайшы екенін айтып, ресми органдардан шара қолдануды талап етуде.
vvvПосмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Sn.kz ақпарат порталы (@sn.kz_media)