Президент былтырғы Жолдауында: «Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша», - деген еді.

Осы орайда биылғы Ұлттық құрылтайда: «Әрбір облыс, аудан орталығында, кент пен ауылда балаларға арналаған футбол алаңы болуға тиіс», — деп міндет жүктеген еді. Ал тақауда Үкімет отырысында Жамбыл облысының әкімінің балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан істер бойынша баяндаған еді. Ал енді спорт саласындағы бастамалар қандай?

1. Тараз қаласының өзінде қанша заманауи спорт алаңшасы бар? Оларда қандай спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар?

2. Жалпы алаңшаларда қанша адам шұғылданады? Халықтың ықыласы қалай? Ондай есеп жүргізесіздер ме? Халықты қамту көрсеткіші қандай деңгейде?

3. Жалпы алаңдарды салудың өзіндік нормативтері бар ма? Көлемі қандай? Сол жердегі тұрғылықты халықтың санына қарай жоспарланатын болар?

4. Тараздың өз басында жағдай жақсы болатыны анық. Ал өзге кент, аудан, ауылдарда қандай спорт нысандары бой көтерді? Алдағы жоспар қандай?

Спикер: Нәреш Мақсат, Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының» басшысы.