Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбіліктер ғана емес, ауқымды құрылыс жұмыстары да жүргізіледі.

Биыл бұл мақсатқа 19 мдлрд теңге бөлінген. Қаражатқа инфроқұрылымдық желілер тартылып, арықтар жөнделеді. Сонымен қатар көпқабатты ескі үйлердің шатыры мен қасбеті жаңартылып жатыр.

Талдықорғанның қақ ортасында орналасқан мына үй 1960 жылдардың соңында салынған. Содан бері баспанаға жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Шұрық-тесік болып, жаңбыр жауған сайын су сорғалайтын шатырды құрылысшылар ауыстыра бастады.

Асхат Сабазов, мердігер:

- Бұрыңғы шатырдың түрі мынандай болған. Қазіргі ауыстырып жатқанымыз бәрі балкаларын, страпилаларын усиление жасап жатырмыз. Обрещеткасын ауыстырып жатырмыз. Карнизін жөндеп жатырмыз. Осындай жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.

Биыл қаладағы 39 үйдің шатыры жаңартылуы тиіс. Бүгінгі күнге дейін 17 баспанада құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындардың көкейкесті мәселесі өз шешімін тапты.

Майра Тойжанова, қала тұрғыны:

- Қазіргі таңда бәрі жақсы. Су ақпайды. Жақсы жасалынған. Ойлаңыз 58 жыл жасалынбаған крыша. Соны жөндеді. Енді жақсы болды. Кісілердің бәрі риза.

Акция шеңберінде көп қабатты үйлердің қасбеттері де боялып жатыр. Қалада мұндай жұмыстар алғаш рет қолға алынып отыр.

Қуаныш Сейтімбетов, қала әкімінің орынбасары:

- Ұлан шағын ауданындағы 20 үйдің қасбетін жөндейтін боламыз. Сонымен қатар бізде 39 ауланың абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Бұған дейін аулалар ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген екен. Былтырғы жылдан бері өз қолдауын тауып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында біз күрделі жөндеу жұмыстары яғни проектный сметный документация арқылы жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Жетісу облысында биыл 77 үйдің шатыры ауыстырылып, 33 баспананың қасбеті жаңартылады. Сонымен қатар 80-нен аса ойын алаңы мен аулалар жөнделіп, саябақтар абаттандырылатын болады.

Шыңғыс Қалиден, Жеңіс Әбдірешов