0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Астанада Британиялық Кардифф университетінің кампусы ашылды. Бұл – академиялық рейтингі жоғары оқу орындарының арасында Қазақстанға келген алғашқысы. Оқу бағдарламасында ғылым, технология, инженерия, бизнес салаларына басымдық беріледі. Студенттерді қабылдау кезінде Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесінен бөлек, аттестаттың орташа бағасына, ағылшын тілін білу деңгейіне де қарайды. Жаз бойы студенттерді қабылдау жүреді. Ал қыркүйек айында университеттің жаңа ғимараты дайын болады деген жоспар бар.
Саясат Нұрбек – ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Бүгінгі жобаның, кампустың ерекшелігі – көп университеттер, 18 университет, біздің жергілікті университеттердің негізінде ашылады. 5 қана университет Кардифф сияқты толыққанды өздерінің кампустарын ашады. Сондықтан артықшылық – сіз толыққанды британдық диплом алатын боласыздар.
Оңғар Алпысбайұлы