фото: t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барды.
Бүгін «Инбингуань» мемлекеттік резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізеді. Мемлекеттер басшылары қазақ-қытай жан-жақты әрі мәңгі стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасын талқылайды.