Қазақстан құрамасы Әлем чемпионаты 2026 аясында «Уэльсті» қабылдап, 0:1 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Астана Аренада" футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы мен Уэльс құрамасы кездесті. Қонақтар жеңіске жетті – 1:0.

Қазақстандық футболшылар есепті теңестіруге бірнеше мүмкіндік алды. 51-минутта Ғалымжан Кенжебектің қатты соққысы қақпа бағанасына тиді. Ал ойынның соңында айып добынан кейін доп тағы да қақпа сирағынан қайтты.

Ойынды трибунада 28 219 көрермен тамашалады.

J тобында Қазақстан құрамасы төрт ойын өткізді: наурыз айында Кардиффте Уэльске (1:3) есе жіберді, кейін сырт алаңда Лихтенштейнді (1:0) ұтты және Солтүстік Македониядан (0:1) минималды есеппен жеңілді.

???? Ұлттық құрама 7 қыркүйек күні сырт алаңда Бельгияға қарсы матч өткізеді.