Картоп бағасы көктемде 185 теңгеден аспайды.

Сауда және интеграция министрлігі осылай деп сендіріп отыр. Себебі, биыл 2,7 миллион тонна картоп жиналады деген болжам бар. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 5 қыркүйекке дейін 840,2 мың тонна өнім жиналған. Егістік басында оның келісі 90–120 теңгеден сатылса, ал бөлшек саудадағы орташа бағасы бір аптада 3,9%-ға төмендеп, 194 теңгеге жеткен. Жалпы жылдық қажеттілік 2 млн тонна. 28 шілдеден бастап картоп экспортына қойылған шектеу алынып тасталды. Сауда және интеграция министрлігі бағаны тұрақтандыру үшін Картоп және көкөніс өсірушілер одағымен меморандум жасасты. Оған сәйкес, қараша айында өнімді сату бағасы – 145 теңгеден, ал 2026 жылдың көктемінде сақтау шығындарын ескере отырып 185 теңгеден аспайды. Сол сияқты келісімдер жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен де жасалды.

Биыл жиналатын өнім – 2,7 млн тонна

5 қыркүйекке дейін – 840,2 мың тонна

Жылдық қажеттілік – 2 млн тонна

Егіс басындағы баға – 90–120 теңге

Бөлшек саудадағы баға – 194 теңге

Қараша айындағы баға - 145 теңге

2026 ж көктемдегі баға - 185 теңге