Газа секторында палестналықтарға гуманитарлық көмек жинайтын жекеменшік қор ашылды. Ұйым халықаралық қауымдастықтардан келетін азық-түлік пен қажетті заттарды таратуға жауапты болмақ. Апта соңына дейін 1 миллион палестиналық осы қордан көмек алуы керек.

The Times of Israel басылымының хабарлауынша, бұл бағдарламаны Израиль мен АҚШ құрды. Осының алдында Израиль билігі ХАМАС тобының мүшелері гуманитарлық көмекті тонап, әскеріне таратып жіберді деген ақпарат таратқан еді.