Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иордан өзенінің Батыс жағалауында қоныстарды кеңейту жоспарына қол қойды.

Ол бұл жерлерді Израильге тиесілі дейді. Маале-Адумим қонысындағы еврей санын екі есе арттыруды көздеп отыр. Бірақ халықаралық құқық бойынша мұндай қоныстар заңсыз саналады. БҰҰ Израильден бұл әрекетті тоқтатуды талап етті. Алайда Нетаньяху мен оның үкіметіндегі әсіре оңшыл министрлер Палестина мемлекетінің құрылуына түбегейлі қарсы екенін ашық мәлімдеді.