Францияда бюджеттің қысқаруына байланысты жаппай ереуілге қатысқан 300-ден астам адам ұсталды, деп хабарлайды 24kz.
Шамамен 140 азамат қамауға алынды.
Жергілікті ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ел бойынша шеруге жалпы саны 500 мың адам қатысқан. Билік өкілдері наразылық білдірушілердің қарасы әлі де көбеюі мүмкін екенін айтады. Акция барысында 10 тұрғын мен бір тілші зардап шекті. Халықты басу үшін полицияға күш қолдануға тура келді.
Еске салайық, кеше Францияда бұрынғы Үкіметтің бюджеттік жоспарларымен келіспеген кәсіподақтар бірден 250 митинг ұйымдастырған еді.