Мемлекет басшысы грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Президент Instagram парақшасында жазды.

«Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын!

Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз.

Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!», – деп жазды Президент Instagram парақшасында.