Қазақстан азаматтарының 50-ден астам елге визасыз бару мүмкіндігін отандық ғалымдар да тиімді пайдаланып жүр.

Мәселен, биыл Қытайда Орталық Азия елдерінің ғылыми қызметкерлеріне арналған жазғы мектеп өтті. Еліміз атынан барған Astana IT университетінің ассистент профессоры Айнұр Сламғажы визасыз режимнің арқасында көптеген зерттеушілер тәжірибе алмасуға мүмкіндік алғанын айтады.

Айнұр Сламғажы, Ph.D Аstana ІТ University ассистент профессоры:

- Жазғы мектепті ұйымдастырған профессор жақында Орталық Азия елдеріне сапарлап келді. Ол да виза фри режимінің арқасында Қазақстан және Өзбекстан елдеріне сапарлап, біздегі жаңа жобаларға мүмкіндік алды. Сол туралы талқыладық. Ғылыми тұрғыда жаңа бастамаларға түрткі болды деп айтуға болады. Яғни біз ғылым саласының, білім саласының мамандары визасыз режимді толық пайдаланып жатырмыз.

Қазір түрлі ақпарат көздеріне сәйкес, 90 мыңнан астам отандасымыз шетелде білім алып жатыр. Олардың басым бөлігі виза талап етпейтін мемлекеттерге оқуға тапсырған.