Владимир Путин мен Ильхам Әлиев Душанбеде кездесті.

Бұл Президенттердің өткен жылы әзербайжандық ұшақ апатынан кейінгі алғашқы жүзбе-жүз кездесуі. Ресей Президентінің айтуына қарағанда тергеу аяқталуға жақын және апаттың бірнеше себебі белгілі болған. Бірінші себебі Ресей шекарасынан өткен үш украиндық дрон, деді ол.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Екінші себеп — Ресейдің Әуе қорғанысы жүйесіндегі техникалық ақаулар. Ал ұшырылған екі зымыран лайнерге тікелей соққы жасаған жоқ. Олай болған жағдайда ұшақ сол сәтте жерге құлап, жарылатын еді. Бәлкім шамамен 10 метр жерде өзін өзі жою әрекеті іске қосылған. Зымырандардың сынықтары ұшаққа тиген. Сондықтан ұшқыш мұны құстармен соқтығысу ретінде қабылдады. Ол ресейлік диспетчерлерге осылай деді және мұның бәрі "қара жәшіктерде" жазылған.

Естеріңізге салайық, ұшақ апаты былтыр 25 желтоқсанда Ақтау маңында болды. Әзербайжан әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Баку қаласынан Грозныйға бағыт алған. Бортта 5 экипаж мүшесі мен 62 жолаушы болды. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам опат болды. Оның алтауы Қазақстан азаматы.