Жетісу облысындағы «ең үлгілі елді мекен» анықталды.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде аталған байқау қорытындыланып, жеңімпаз атанған әкімшілік аумақ басшылары марапатталды. Сонымен өңірдегі қандай ауыл үздік деп танылды екен?

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Жетісу облысында 352 ауыл бар. Солардың ішінен тазалықты ту еткен, ең үлгілі елді мекен ретінде Қаратал ауданындағы Кәлпе ауылы танылды. Екінші орынды Көксу ауданындағы Жарлыөзек ауылы иеленсе, үздік үштікті Ескелді ауданындағы Алдабергенов ауылы қорытындылады. Сонымен қатар «Үлгілі аудан орталығы» да анықталды. Сарқан қаласы бас жүлдені еншілесе, Жаркент шаһары мен Сарыөзек кенті екінші және үшінші сатыға тұрақтады.

Шыңғыс Қалиден, тілші

Мәрлен Көлбаев, облыс әкімінің орынбасары

Салтанатты шарадан кейін көпшілік «Таза Қазақстан» республикалық акциясына атсалысты. Сенбілік Талдықорғанда ғана емес, облыстың аудан-қала, ауылдарында да өткізіліп жатыр. Оған мемлекеттік және коммуналдық мекеме қызметкерлері, еріктілер, қарапайым тұрғындарды қоса есептегенде 22 мың адам қатысып, 200 ден астам техника жұмылдырылмақ. Көпшілік тазалық жұмыстарымен қатар 9 мыңнан астам көшет отырғызады.