Қазақстанның ең сұлу боксшысы атанып кеткен Балауса Мұздыман алдағы уақытта маңызды жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.
Боксшы осы ақпаратты өзінің Instagram парақшасында жазды.
"Жақында үлкен жекпе-жек күтіп тұр", – деп жазды Балауса Мұздыман.
Айта кетейік, спортшы бұған дейінгі сұхбаттарында бес жыл ішінде бес белбеуге қол жеткізу — басты мақсатының бірі екенін айтқан еді.