«Ерлікке бергісіз нағыз еңбекті өз көзіммен көрдім». Президент табиғи апаттардың ең ауыр салмағы құтқарушыларға түскенін айтты. Олар соңғы 5 жылда 225 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалды. Сондай-ақ шетелдегі гуманитарлық миссияларға қатысып, кәсіби деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді. Одан елдің халықаралық беделі артты. Бірақ үкімет пен сала министрлігі төтенше жағдайларды уақтылы ескертуге мән беру керек. "Салдарын жоюдың тиімді жолдарын да қарастырғаны дұрыс", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы ретте басқару үдерісін автоматтандыру, цифрландыру және жасанды интеллектіні кеңінен енгізу керек. Ал азаматтарға, ең алдымен балалар мен жастарға өрт, су тасқыны, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін мұқият, түсінікті тілмен жеткізу қажет. Олар апат кезінде қалай әрекет ететінін білуі тиіс.