Қазақстан жаһандық білім нарығының бір бөлігіне айналуды көздейді. Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік академиялық кеңістікке шығу үшін жасалған қадам туралы айтты.

Дүние жүзінің 40 жетекші университетімен серіктестік орнатылып, елде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы ашылды. Көбісіндегі оқу ағылшын, орыс және қытай тілдерінде жүргізіледі. Бұл университеттер, тіпті, тұтас мемлекеттердің ашықтығы мен бәсекеге қабілетіне негіз болады. Сондай-ақ барлық филиалда қазақ тілі мен Қазақстан тарихы міндетті пән ретінде оқытылады. Осылайша, шетелдік студенттер біздің мәдениет пен менталитетімізді терең түсінуге мүмкіндік жасап отырмыз,– деді Президент.