Өзбекстан президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде Жоғары мемлекетаралық кеңес маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Оның айтуынша қос ел арасындағы қарым-қатынасымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жоғары деңгейіне көтерілді.

«Былтыр құрылған Жоғары мемлекетаралық кеңес өзектілігі мен тиімділігін көрсетті», – деді ол. Сонымен қатар бүгін екінші отырыста біз сан қырлы серіктестігімізді кеңейтуге айтарлықтай серпін беретін шешімдер қабылдаймыз. «Қазіргі алмағайып кезеңде елдеріміздің және тұтас аймақтың экономикалық конъюнктурасына оң әсер ететін тығыз және проактивті ықпалдастық ерекше мәнге ие», – деді Шавкат Мирзиёев.