Қоғамның пікірінше, билік халықты «сауын сиырға» айналдырғысы келеді.

Ата Заңымыз бойынша жеке өмірге қол сұғылмауы тиіс. Алайда келесі жылдан бастап күшіне енетін жаңа заң нормалары күмәнға толы сұрақтарды туындатып отыр. Халық айтудан да, шағымданудан да шаршады. Caravan.kz медиа порталы тілшісінің сұрақтарына ел азаматтары жауап берді.

ҚР Конституциясының 18-бабында анық жазылған:

Біріншіден, әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

    Екіншіден, әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

    Үшіншіден, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

    Сонымен бірге, көпшілік біле бермейтін маңызды жайт бар:

    «Егер қылмыстық іс қозғалған жағдай болмаса, жеке тұлғалардың банк шоттары туралы мәліметтерді салық органдары сұрата алмайды».

    Яғни 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл тәртіп өзгере бастайды. Қазақстан мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа кезеңіне өтпек. Солай халықтың қалтасына «қол сұғушылық» термині пайда болмақ. Сарапшылар не дейді?

    Банк картасы «таза» болуы тиіс

    Салық сарапшысы Дмитрий Казанцевтің айтуынша, мемлекет енді жеке банк карталарын қолдану тәртібін қатаң қадағалайды. Түсімдердің тұрақтылығы мен қайдан келгеніне ерекше ден қойылмақ.

    Мемлекеттің көздеген талаптары:

    — жүйесіз, тұрақсыз немесе тым жиі аударымдар күмән тудыруы мүмкін;

    — кез келген күмәнді операция бойынша карта иесі түсініктеме беруге міндетті болады;

    Карта тек жеке мақсаттарға пайдаланылуы тиіс:

    — жалақы алу;

    — дивидендтер алу;

    — жақын туыстардан келген аударымдар.

    Адам шағын бизнеспен айналыса ма, айналыспай ма бұл талап бәріне ортақ. Бұрын шағын бизнес үшін камералдық тексерістер тоқтатылған еді, бірақ жаңа бақылау жүйесі енді бүкіл халыққа қолданылады.

    Салықтан жалтару немесе күмәнді аударымдар үшін қандай жаза қолданылады?

    Сарапшы келесідей жаза түрлерін атап өтті:

    — Қосымша есептелген салық төленбеген соманың 10%-ына дейін;

    — Айыппұл салық сомасының 200%-ына дейін;

    — Мүлікті тәркілеу сирек, әсіресе сыбайлас жемқорлық күдігі болған кезде қолданылады.

    Мысалы, егер адамның табысы дәлелденбеген жағдайда бірнеше пәтері болса, мемлекет активтердің қайдан алынғанын түсіндіруді міндетті түрде талап етеді.

    Көпшілік үшін жаза жеңілірек болуы мүмкін дейді сарапшы, көбіне 10% көлеміндегі қосымша салықты 30 жұмыс күні ішінде төлеу талап етіледі.

    Халық не істеуі керек? Сарапшы кеңесі

    Дмитрий Казанцев қазақстандықтарға алдын ала дайын болуға кеңес берді.

    — барлық кірістер мен аударымдарға қатысты ақпаратты жинақтап, жүйелеу;

    — түсіндіруді талап ететін жағдайлар туындағанда дереу құжат көрсету;

    — айыппұлдардан сақтану үшін қаржылық қозғалысты ашық жүргізу.

    Осы шараларды сақтау жеке банк карталарын еркін әрі қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік береді.

    Caravan.kz медиа порталының тілшісі заңгердің пікірін сұрап білді. Біз адамның жеке өміріне қол сұғу қаншалықты заңды деген сұрақ қойдық. Заңгер бұл сұрақ туралы көп ойланғанын жасырмады.

    «Мен осы мәселе туралы көп ойландым. Онда бір ескерту бар: «Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі». Демек, биліктің пайымынша, бәрі заң шеңберінде болады, Жеке өмірге қол сұғушылыққа келетін болсақ, Ата Заңды емес, салық кодексіне үңілген дұрыс болады», — дейді заңгер.

    Қоғам наразылығы күшейіп келеді

    Caravan.kz медиа порталының тілшісі халық арасында сауалнама жүргізді. Халықтың пікірлеріне сүйенсек, олар биліктің бастамасын мүлде қолдамайтынын көреміз.

    Көпшілік банк карталарынан жаппай бас тартуға кеңес беріп отыр.. Егер солай болса, сауда тоқырап, экономикалық дағдарыс күшейеді.

    «Барлығымыз банк карталарынан бас тартайық, экономика бірден құлдырайды».

    «Мемлекеттен еш көмек жоқ, бірақ біздің қалтамызға заңсыз қол сұға бастады».

    «Біздің қаржымыздың сіздерге не қатысы бар? Әуелі халыққа дивиденд төлеңдер», — дейді халық.

    Азаматтар мемлекеттің жеке қаражатын бақылауға алуы әділетсіздік деп санайды.

    Олардың пайымы:

    — егер мемлекет халықтың қаржылық ашықтығын талап етсе, онда табиғи ресурстардан түсетін табыстың бір бөлігін азаматтарға төлеп отыруы керек;

    — билік алдымен өз ішіндегі миллиардтаған қозғалысты тексерсін;

    — «қарапайым еңбеккердің қалтасын аңдудан бұрын, өздеріңді реттеңдер» деген ой кең таралған.

    «Карта үшін ақыны мен төлеймін, демек толық қолдану құқығы да өзімде»

    Қоғамның пікірінше, билік халықты «сауын сиырға» айналдырғысы келеді.

    Пікірлердің бір бөлігінде:

    — биліктің біліктілігі төмен екені;

    •-бюджетті дұрыс басқара алмайтыны;

    — жемқорлық мәселесі шешілмейінше ешбір бақылаудың тиімді болмайтыны айтылады.

    «Конституцияға қайшы кез келген заң күшін жояды. Алдымен өз міндеттеріңді орындаңдар», — дейді азаматтар.