Кремльде Владимир Путин Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффпен және АҚШ Президентінің күйеу баласы Джаред Кушнермен кездесті.
Бес сағатқа созылған отырыста тараптар соғысты тоқтатудың мүмкін жолдарын талқылады. Десе де, территориялық даулар бойынша бітімге келе алмады. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Ресей мен АҚШ арасында Украинаға қатысты келіспеушілік әлі де барын айтты.
Юрий ушаков, Ресей Президентінің көмекшісі:
- АҚШ-тың Украина жөніндегі жоспарының кейбір тұстарына келісуге болады. Ал кей мәселелер сынға себеп болып отыр. Украина дағдарысын реттеуге қатысты америкалық бірқатар ұсынысты талқылауға болады. Ең бастысы тараптар Украинадағы ұзақ мерзімді бейбіт реттеуге қол жеткізу үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.