Бөлімдер
Пікір

Шерзат ісіндегі прокурор Дана Сәрсенбай марапатқа ие болды

Шерзат ісіндегі прокурор Дана Сәрсенбай марапатқа ие болды

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іске мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан Дана Сәрсенбай марапатқа ие болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 6 желтоқсан — Прокуратура күніне орай “Үздік мемлекеттік айыптаушы” төсбелгісімен марапатталған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дана Сарсенбай (@s.d.n__)

Айта кетейік, бұған дейін Дана Сәрсенбай Massaget.kz-ке эксклюзив сұхбат берді.

Шерзат ісі туралы не белгілі?

Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда Шерзат Болат көз жұмды.

2025 жылы 5 мамырда Талдықорған сотында тоғыз айыпталушыға үкім шығарылды:

  • Тергеу мәліметінше, Шерзатқа пышақ жарақатын салған басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Равиль Сакиев 20 жылға сотталды.
  • Қалған айыпталушылар 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған Ы.Д. 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget