Азиядағы ең үздік 100 университеттің үшеуі Қазақстанда.

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азия аймағындағы озық оқу орындарының рейтингісін жариялады. Оған 25 елден 1529 білім мекемесі енген. Тізімде отандық 44 университет бар. Атап айтсақ, Назарбаев, Алматы менеджмент, Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT секілді университеттер бар. Ал Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Satbayev University университеттері үздік жүздікке кіреді. Бас-аяғы елде 112 жоғары оқу орыны бар. Сондай-ақ 33 шетелдік университеттердің филиалдары жұмыс істейді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 38 орын

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 61 орын

Satbayev University – 79 орын

Әсет Дәрімбек, ҚР ҒЖБМ жоғары білімді интернациоландыру басқармасының бас сарапшысы:

- Жалпы Қазақстандағы тапшы мамандықтар бойынша ашылуда. Біздің негізгі беретін басымдығымыз осы. Оның ішінде мысалы жасыл сутегін өндіру, атом өнеркәсібі, су шаруашылығы, датасайнес, ЖИ секілді соңғы кездердегі тапшы мамандықтар ашылуда филиалдарда.