Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстан астанасына "Орталық Азия – Италия" саммитіне қатысу үшін келді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі Жапаровты қарсы алу сәтінен фотокадрлар таратты.

Ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 1,7 миллиард доллардан асты. Ал биылғы жылдың бірінші тоқсанында өзара сауда өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға өсіп, 435 миллион долларды құрады.

Қазақстандық тауарлардың экспорты 32,7 пайызға артқан. Қазіргі таңда екі ел үкіметі бұл көрсеткішті 3 миллиард долларға жеткізуді мақсат етіп отыр.

Айта кетейік, бүгін түс кезінде Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов те Астанаға келді. "Орталық Азия – Италия" саммиті 30 мамырда Астанада өтеді. Саммитке өңір елдерінің мемлекет басшылары қатысады. Сонымен қатар, Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони де саммитке қатысады. Ол 29 мамырда Астанаға ресми сапармен келіп, бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, келіссөздер жүргізді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget