Премьер-министр Олжас Бектенов Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген Ауғанстан сауда және өнеркәсіп министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизимен кездесті, деп хабарлайды 24kz.

Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Көлік-логистика, геологиялық барлау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру және тағы басқа салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге назар аударылды. Сондай-ақ Тургунди-Герат трансауған теміржолын салу мәселелері талқыланды. Ауғанстан Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы көпір болып саналады және «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқара алады. Кездесуде Ауғанстан аумағында пайдалы қазбаларды геологиялық барлау, өндіру және өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға отандық компаниялардың қатысу жоспары қаралды.