Жантүршігерлік апаттың видеосы америкалық БАҚ-та жарияланды.
Кадрлардан UPS компаниясына тиесілі жүк ұшағының бірнеше секунд өтпей жатып қозғалтқышының бөлініп кеткенін байқау қиын емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға салдарынан 14 адам қаза тапқан. Бұл соңғы жылдардағы АҚШ-тағы ең ауыр жүк авиациясы апаттарының бірі ретінде бағаланып отыр.
Қазір апаттың нақты себебін анықтау үшін федералдық деңгейде ауқымды тергеу жүріп жатыр. Мамандар қозғалтқыштың техникалық ақауы, металл конструкциясының шаршауы немесе техникалық қызмет көрсету кезіндегі кемшіліктер болуы мүмкін деген бірнеше нұсқаны қарастыруда.
АҚШ билігі тергеу аяқталмайынша нақты қорытынды жасауға ерте екенін мәлім етті. Ал жарияланған видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, авиациялық қауіпсіздік мәселесін күн тәртібіне шығарды.
Жаза кеткен жөн, UPS – әлемдегі ең ірі логистикалық компаниялардың бірі. Ол күн сайын әлемнің ондаған еліне жүк тасымалдайды. Компания әзірге апатқа қатысты толық түсініктеме берген жоқ.