Аталған халықаралық жарыста отандастарымыз "жылдамдық" дисциплинасы бойынша сынға түседі.
Спорттық құзға өрмелеуден Алькобендас қаласында (Испания) өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ерлер арасында Әлішер Мұрат, Дамир Тоқтаров, Әмір Маймұратов бақ сынайды.
Ал әйелдер арасында Анна Баларшина, Тамара Улжабаева, Арина Новицкая жүлдеге таласады.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 28-31 мамыр аралығында өтеді.