5 маусым күні Шерзаттың өліміне қатысты сот үкімі шығады. Бүгін сотталушылардың соңғы сөзі тыңдалды. Айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев ешкімді ұрмағанын, бірақ топтың ортасында болғандықтан ақталмаймын деді. Ал Шыңғыс Белғожаев судьядан Қаржаубайды күдікті деп тануын сұраған. Сотталушы Нұрқияс Ілиясов болса, Ғайыпбаевты мылтықтың дүбімен ұрғанын мойындады. Алайда Шерзат Полатқа қолымның ұшы да тимеді деді. Бұзақылық бабы бойынша айыпталған Дидар Қалиахмет өзінің кінәсін мойындаған жоқ және ол «Прокурор дәлелсіз жала жапты» деп мәлімдеді. Ал Шерзаттың өліміне басты кінәлі ретінде айыпталған Абзал Шынасыл өзіне тағылған кінәні негізсіз деп санайды. Ол «Тек Ғайыпбаевтың жамбасына үш рет пышақ сұқтым, бірақ Шерзатпен бетпе бет келмедім» деді. Прокурор Шынасылды 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Абзал Шынасыл, сотталушы:
Шерзат Полат, маған ол кезде ешқандай іс-әрекеті болған жоқ. Мен онымен кездесіп төбелескен жоқпын. Мен келген кезде Ғайыпбаев маған жүгірді. Жүгіргеннен кейін қарап тұра алмадым. Сол кезде ол машинасынан мылтығын алып кеп атты.
Дамир Нұрмұхамет