Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатқан қылмыстық топ ұсталды. Қалалық полиция Департаментінің мәліметінше, қаскөйлер бірнеше жылдан бері әлеуметтік желіні өз мақсаттарына пайдаланған. Қылмыстық топ мүшелері жаңа туған ұл баланы қомақты ақшаға сатып жатқан жерінен қолға түсті. Сәби мемлекет қамқорлығына беріліп, тиісті мекемеге орналастырылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары басталып кеткен.

Қуан Нұрақын