Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен 3 адамның жағдайы жақсарды. Екі науқас жансақтау бөлімінен жарақат бөліміне ауыстырылды. Аяғы кесілген 8 жасар қыз есін жиған. Дәрігерлердің айтуынша, бүгін палатаға ауыстырылуы мүмкін. Еске салсақ, дүйсенбі күні кешкісін автобус жол бойындағы бағанға соғылды. Қоғамдық көліктің алдыңғы жағында отырған 15 адам жарақат алған еді. 13 жолаушыға амбулаториялық ем жасалып, үйлеріне босатылған болатын.

Әйгерім Ардақ, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Үш науқас стационарлық бөлімде жатыр. Бүгін оған қоса психолог маманды қосамыз. Яғни балаға да, анаға да психологиялық көмек көрсету үшін.

Жанел Нұрболат