2000 жылы Қазақстан халқының саны 15 млн-ға жетпесе, қазір 20 млн-нан асты. Оның 71 пайызы қазақ. Демографияның бұлай қарқын алуы сәбилердің көптеп өмірге келуі. Елде жылына 360 мыңнан астам шақалақ жарық дүниенің есігін ашады. Енді ұрпақ одан әрі көбеюі үшін дені сау ұлт болуға тиіс. Тек бала денсаулығы басты назарда дегенімізбен бедеулік деген мәселе бар. Бала деген көздің нұры емес пе? Әр шаңырақтың жарығы, жанның медеуі де бала! «Баласы жоқ ханым тұл, баяны жоқ ғалым тұл!» дейді ел. Дегенмен бедеулік басқа түскен іс екен деп көндігіп отыра бермей, әлденеге сенген, сол сенімнің жетегіне ерген талай отбасы ғайыптан тайып сәбилі болып жатыр.