Болгария Президенті Румен Радевтің Қазақстанға ресми сапары аясында бірқатар келісімге қол жеткізілді.

Маңызды құжаттарға Ақордада қол қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, мемлекеттер басшыларының қатысуымен мынадай құжаттарды алмасу рәсімі өтті:

  1. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Болгария Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  2. Астана мен София қалалары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  3. Шымкент және Пловдив қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум;
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Болгария Республикасының Сыртқы істер министрлігі Дипломатия институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  5. "Қазақстанның сыртқы сауда палатасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Болгарияның сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Мемлекет басшысы Қасы-Жомарт Тоқаев пен бүгінгі келіссөз мазмұнды болғанына, нақты уағдаластықтарға қол жеткізілгеніне мән берді.

Сондай-ақ көлік-логистика секторындағы байланысты дамыту мәселесіне назар аударылды. Тараптар бүгінде стратегиялық сауда жолының біріне айналған Транскаспий халықаралық көлік дәлізі жобасына Болгарияның "Бургас" және "Варна" теңіз порттарын қосу мәселесін қарастыруға келісті.