Үндістандағы ұшақ апатынан ешкім аман қалған жоқ.

Мұны Рейтер агенттігі хабарлады. Ахмедабад қаласынан Лондонға бет алған "Боинг-787" әуе көлігі жерден көкке көтеріле алмай, бірер секунд ішінде медициналық қызметкерлер жатақханасының үстіне құлаған. Салдарынан 50 адам жарақат алды. Апатқа ұшақтың құстармен соқтығысуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Қазір құтқарушылар үйінділер астынан 50-дан аса адамның денесін шығарды. Ресми деректерге қарағанда ұшақ бортында 242 адам болған. Олардың 12-сі — экипаж мүшесі. Жолаушылардың дені Үндістан, Ұлыбритания, Канада және Португалия азаматтары. Қазір жергілікті әуежай жұмысын уақытша тоқтатты. Ұшақ тиесілі "Эйр Индиа" әуе компаниясы апаттың мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.