Қарағанды облысы Шахтинск қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында орман алқабы тазартылды.

Экологиялық шараға «Жасыл ел» еңбек жасағының 150-ге жуық мүшесі мен еріктілер жұмыла қатысып, табиғатты қалдықтардан арылтуға атсалысты. Сонымен қатар белсенділер қала ішіндегі заңсыз қоқыс үйінділерінен 20 тонна қоқыс шығарып, ескерту белгілерін қойды. «Алдағы уақытта халықты тәртіпке шақыру үшін кейбір аумақтарға бейнебақылау жүйесі орнатылады», — дейді ұйымдастырушылар.

Қайырым Шәмбіл, Шахтинск қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы:

- Барлығымыз осы еліміздің экологиялық тазалығына үлес қосамыз. Мен ойлаймын осы қазіргі кезде барлық азаматтың азаматтық борышы экологиялық бағытта жұмыс жасау. Осы еліміздің еліміздің, қаламыздың тазалығын ұйымдастыру.