Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 2025 жылғы шілдеде қазақстандықтарды басты мемлекеттік м

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылғы шілдеде қазақстандықтарды басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай ұзақ демалыс күндері күтіп тұр. Бұл мереке дәстүрлі түрде 6 шілдеде атап өтіледі және ел астанасының 1998 жылы Алматыдан Астанаға көшірілуіне арналған.

Жыл сайын бүкіл ел бойынша ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді. Әсіресе Астанада мазмұнды бағдарлама жоспарланған. Елордада концерттер, фестивальдер, жәрмеңкелері мен көрмелер ұйымдастырылады.

Астана күніне орай қазақстандықтар қалай демалады?

2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді, осыған байланысты «Мерекелер туралы» заңға сәйкес демалыс күні дүйсенбі – 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтарды қатарынан үш күндік демалыс күтеді: 5, 6 және 7 шілде.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 5, 6 және 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) – демалыс күндері.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
  • 6 және 7 шілде (жексенбі мен дүйсенбі) – демалыс күндері.

Tengrinews.kz/Серикболсын Алибеков

2025 жылғы шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?

2025 жылдың шілдесінде қазақстандықтар (5 күндік жұмыс аптасында) 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Ал 6 күндік жұмыс кестесіне сай жұмыс істейтін тұрғындар 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.

Шілдедегі кәсіби мерекелер

Шілдеде ресми демалыс күндері болып саналмайтын кәсіби мерекелерге де бар. Міне, маңызды даталар тізімі:

  • 2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні;
  • 6 шілде (айдың бірінші жексенбісі) – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;
  • 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
  • 10 шілде – Ветеринария қызметкерлерінің күні;
  • 13 шілде – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдарының күні;
  • 13 шілде (айдың екінші жексенбісі) – Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
  • 14 шілде – Нотариат күні;
  • 20 шілде (айдың үшінші жексенбісі) – Металлург күні;
  • 27 шілде (айдың төртінші жексенбісі) – Сауда қызметкерлерінің күні.