Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс өңірінде ушығып бара жатқан әскери шиеленіске алаңдаушылық білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес, тек саяси-дипломатиялық жолмен тез арада реттеу қажет деп санаймыз. Тараптарды барынша ұстамдылық танытуға шақырамыз, – делінген СІМ мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Израиль Иранға соққы беріп, әуе кеңістігін жапқан. АҚШ Мемлекеттік хатшысы бұл әрекетті "біржақты қадам" деп бағалап, оған Ақ үйдің қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Израильдің әрекетінен кейін мұнай бағасы күрт өсті. Ал Иран жауабында Израильге 100-ден астам дрон жіберді.