Журналист Жан Ахмадиев Ақнәр ісіндегі баст күдікті екі қызға ұатысты жаңа ақпаратты анықтады, деп хабарлайды
Оған Қытайдан келген қазақ қандас Роза есімді ханым Рано мен Дидар жайлы бар шындықты жайып салды. Ол оларды жақсы танитын болып шықты.
Айтуынша, Рано есімді қыз порнографиялық заттар сатумен айналысқан. Ал Дидар Ақнәрға қоздырғыш дәрі берген. Әзірге бұл мәліметтер толықтай расталмаған. Тергеу жалғасуда.
"Мен білетін ақпарат бойынша, бауырының телефоны істен шығып, жөндеуге берген кезде ішінен түрлі ұятсыз видеолар шыққан. Әкесі біліп қойып, ұрып-соғып Раноның сатқанын білген. Ақнәрдің терезеге жүгірген видеосын көрдіңіздер ғой. Олар оны арақ ішті деді, басқа берді. Бірақ сараптамада шыққан жоқ. Дидардың оған қоздырғыш зат бергені анық. Ал Ақнәр "Арым таза болсын, секірсем секіріп өлейін" деп терезеге жүгірген", — деді ол.
Яғни, Дидар дәрі беріп сол түні үйінде болған жігітпен жақындастырмақ болған. Ал Рано оны видеоға түсіріп алмақ болған. Сондай-ақ, Роза қазір екі қыздың туыстары тарапынан өзіне қоқан-лоқы жасалып жатқанын да мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жан Ахмадиев (@zhan_ahmadiev)