Павлодардың іргесіндегі Ақсу ферроқорытпа зауыты 850 млн.теңге айыппұл арқалады. Себебі ауаны ластаған. Кәсіпорыннан шығатын қалдықтар көлемі нормадан асып кеткен. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы үш айында 660 тоннаға жеткен. Естеріңізге сала кетейік, Павлодар сынды өндірісті аймақтардағы экологиялық ахуал орталықтан бақыланып отырады. Яғни, экология министрлігі тікелей мониторинг жасайды.
Әсет Сыздықов, Облыстық экология департаментінің басшысы:
Экология департаменті өз құзіреті иелігінде «Қаххром» АҚ на қатысты 854 миллионға айыппұл салды. Қазіргі күні айыппұл көлемі толықтай өндірілді.
Болат Аманбаев