«Туризм және спорт саласын қолдау қоры» корпоративтік қорының шешімімен Сәкен Мұсайбеков «Барыстың» бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы azh.kz-ке сілтеп.
Сәкен Мұсайбековтің спорт саласында басшылық тәжірибесі бар. Соңғы уақытта Сәкен Жүнісбекұлы Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры қызметін атқарды.
2021 жылы Мұсайбеков Астана әуежайында ұсталды, ол Дубайға ұшпақшы болған. Одан Hermes әйелдер сөмкесі мен бес мың доллар табылған.
Тергеу мәліметінше, шенеунік коммерциялық мекеменің алғысы ретінде құны бірнеше миллион теңге тұратын қымбат әйелдер сөмкесін сыйға алған.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Ол заңды тұлға құрылтайшысынан букмекерлік және жалпы патронаттық мүдделерді лоббирлеу үшін пара алды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясымен пара алушы мен пара беруші 2012 жылғы 21 шілдеде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", делінген 2021 жылғы хабарламада.
Түрксіб аудандық соты Мұсайбековті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша ірі көлемдегі алаяқтық үшін кінәлі деп танып, 62 миллион 394 мың теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды.
Өткеніне қарамастан, Мұсайбеков 2025 жылы еліміздің спорт құрылымындағы негізгі қызметтердің бірін иеленді. Ол Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының бас директоры болып тағайындалды.