Израиль ұшақтары бүгін Тегеран сыртындағы әскери университетке, зымыран зауытына соққы берген. Армия бірнеше сағат бойы Иран астанасындағы жаңа нысандарды әуеден шабуылдады. Мұның алдында ЦАХАЛ қаланың оңтүстік-батысындағы аудан тұрғындарына көшу туралы ескерту жасаған.
Ал Иранның Ислам революциясы сақшыларының корпусы Израиль аспанын бақылауға алғанын мәлімдеді. Әскери базаларға соққы берген. Тель-Авив тұрғындарына эвакуация туралы бұйрық берді. Өткен түнде Иран Израильге 25 зымыран ұшырған. «Би-Би-Си»-дің мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы ядролық нысандарға соққы беруде Израильге қосылу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ал кеше Трамп Ираннан шартсыз берілуді талап етті. Бұған қоса елдің рухани лидері Аятолла Әли Хаменеидің жасырынған жерін білетінін, алайда әзірге оны өлтіру жоспарда жоқ деп мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы