Мәжіліс отырысынан кейін Қаржы министрі Мәди Тәкиев журналистердің сауалдарына жауап берді. Елдің мемлекеттік қарызы 32 триллион теңгеге жетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл Үкіметтің қаржыны тиімді басқара алмай отырғанын білдіре ме деген сауалға министр жауап берді.

“Иә, басқара алмай отыр” — деді министр Тәкиев.

Министрге елде экономикалық дағдарыс болуы мүмкін бе деген сұрақ та қойылды.

Ол: “Жоқ, дағдарыс күтілмейді”, – деді.