Израиль Газа секторында тағы оқ атты, деп хабарлайды 24kz.

Осы жолы да гуманитарлық көмек тарататын орталық маңына жиналғандарға шабуыл жасалған. Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі мен аурухана өкілдерінің хабарлауынша, атыстан 19 адам қаза тапты. Біріккен ұлттар ұйымы палестиналық босқындар агенттігінің басшысы Израиль мен АҚШ құрған көмек үлестірудің жаңа тетігін «оңбағандық және адам өлтіруге арналған қақпан» деп айыптады. Осы аралықта Қатар үкіметінің басшысы және сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бед Әбдел Рахмет Әл-Тани: «Израиль мен ХАМАС тікелей емес келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр», - деп мәлімдеді.