Елімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты енгізілгелі қоғамда тәртіп пен құқықтық сана деңгейі өсті, деп хабарлайды 24kz.
Жезқазған тұрғындары осындай пікірде. Әсіресе, заңға қайшы кез келген әрекетке қарсылық білдіріп, құзырлы органдарға хабарлайтын адамдардың қатары артқан. Полицейлер әлеуметтік желідегі «Көршілер бақылауы» бағдарламасы арқылы күнделікті ондаған құқықбұзушылықтың жолын кесіп жатыр. Қоқысты бей-берекет шашпау, жалпыға ортақ мүлікті сындырмау қажеттігін түсіндіру жұмыстары да жемісін бере бастады.
Блиц 1:
- Егер де заңбұзушылықтарды көргенде оған жайбарақат қарап, көз жұмып өтіп кетпей, керісінше тиісті органдарға хабарласып азаматтық танытатындар көбейе түсті.
Блиц 2:
- Бұл заңды қатаңдату өз басым қолдаймын. Өте дұрыс. Орынды. Мүмкін айыппұл салынса, одан кейін тоқтатады ма екен. Заң алдында бәріміз бірдейміз деген ұстанымды ұстанып, заң аясында жұмыс істесек жақсы болар еді.
Блиц 3:
- Түсіндіру жұмыстары өте пайдалы. Осының арқасында адамдар қоғамдық жұмысқа деген жауапкершілік артады. Оны бүлдірмей ұқыпты ұстау керек. Өтйкені оны қаншама қаражатпен салынады. Оны бүлдіру заңға қайшы.
Блиц 4:
- Бір адам бұзақылық жасап жатса, оны полиция қызметкерлеріне айтып, бұзақылық жасаған адамдармен жұмыс істесе, мен ойлаймын, оған сабақ болады. Келесі жолы ондай бұзақылық жасамайды.
Блиц 5:
- Қазір барлық жерде таза, бұрынғыдай емес. Өйткені бұрын қоқысты қалаған жерге тастап, адамдар түкіріп жүре беретін. Қазір тазалық сақтап жүр бәрі.