Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны көтеру туралы сауалға жауап берді, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, 2026 жылғы бюджетте зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді арттыруға 622 миллиард теңгеден аса қаржы қарастырылған. Оларды 10 пайызға дейін көтеру жоспарланып отыр, бұл болжамды инфляция деңгейіне сәйкес келеді, қазір ол — 10,5 пайыз.
"Барлық зейнетақы көтеріледі: ынтымақты зейнетақы, базалық зейнетақы. Сондай-ақ, мүгедектігі бойынша төлемдер, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға және оларға күтім жасайтын ата-аналарына төленетін жәрдемақылар, асыраушысынан айрылу бойынша тағайындалатын жәрдемақы — негізгі базалық көрсеткіштер көтеріледі", — деп сендірді Светлана Жақыпова.
Министр өзгеріс 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетінін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлем артатыны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!