Алматыда 70 жастағы әйел бірнеше күнге созылған іздеуден кейін қайтыс болған күйінде табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
1954 жылы туған Галина Коновалова 24 маусым күні кешкі сағат 17:00 шамасында “Дружба” бау-бақша серіктестігінің аумағындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Белгілі болғандай, оның есте сақтау қабілетінде қиындықтары болған және айналаны бағдарлауында мәселелер байқалған.
Марқұмның денесі 28 маусымда табылған. Қазіргі таңда оның өлімінің нақты себебі анықталуда.