Шетелге саяхатқа шығу қымбаттай түсті. Елімізде туристік жолдамалардың бағасы бір жылда 48%-ға өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтар жиі тынығатын Түркия бағытының бағасы шарықтап кеткен. Бір жылда орташа есеппен 58% өсіп отыр. Дубай жағажайларында күнге қыздырыну да енді қалтаға салмақ түсірмек. Әмірліктегі демалыс ақысы 68% көтерілген. Ел ішіндегі турпакеттердің де құны өсіп отыр. Қазақстандағы демалыс үйлеріне жолдамалар орташа есеппен 15% қымбаттаған. Ең қатты өсім Алматыда. 41%. Ал Астанада баға сол қалпында өзгеріссіз қалған.

Шерхан Жамбылұлы