Алматыда есірткіге қарсы күрес және оның алдын алу мақсатында фронт-кеңсе ашылды.

Бұл бастама — «Esbol Qory» қоғамдық қорының ұсынысымен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен іске асты. Жаңа орталық жастарды нашақорлықтан қорғауды көздейді. Мониторинг жасап, алдын алу шараларын ұйымдастырады. Сонымен қатар интернеттегі жасырын есірткі жарнамаларын анықтау жұмыстарын жүргізеді. Фронт-кеңсе Біріккен Ұлттар Ұйымының стандарттарына сай есірткіге қарсы шаралармен айналысатын белсенділерді дайындаумен де айналысады.

Жандос Ақтаев, "Esbol Qory" қорының төрағасы:

- Қазір бір есірткісіз Қазақстан жобасы аясында бүкіл ел бойынша осы фронт-офистерді ашып жатырмыз. Бұйырса, жылдың соңына дейін 20 фронт-офис ашылатын болады. Осы фронт-офистердің басты мақсаты – жастарды, ата-аналарды және педагогтарды алдын алуға үйрету. Осы ғылыми негізделген іс-шараларды өткізу.